Категория: Мужчинам

Мужчинам

Представлено 12 товаров

  • Бұл кітапта жалпы түрде рызық мәселесіне оқырмандардың ойында көптен жүрген сұрақтарына жауап болатын ойлар мен діни шындықтар қозғалады. Тақырыпты оқырманға ашып беру үшін қарапайым күнделікті өмірімізде кездесетің мысалдар беріліп, айтылған мәселелерге дәлел болатын аяттар мен хадистер келтірілді, Сондай — ақ әдебиетіміздің төрінен орын алған Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп пен қазақ мақал- мәтелдерінен мысалдар беріліп, толықтырылды. …

    RIZYQ Ризық Құрманғазы ТұрмаханұлыЧитайте далее

  • «Sen» кітабында әдет қалыптастыру туралы және тұлғалық даму бойынша нақты практикалық техникалар жинақталған. Кітарты оқып, әр бөлім соңындағы тапсырмаларды орындай отырып, қарым- қабілеттерімізді дамытасыз. Трансформациядан өткен, өзгерген жаңа тұлғаны қалыптастырасыз. Ерте ұйықтауды , дұрыс әдеттер қалыптастыруды үйренесіз. Өмірдің әр кезеңінде керек болатын құнды ақпараттармен танысасыз

  • Бәрі бай болғысы келеді. Бірақ қалай баюды білетіндер некен-саяқ. 15 жыл бойы тренинг өткізіп, 11 жыл бизнеспен айналысып жүр екенмін. Неге біреу өмірін гүлдендірсе, басқа біреудің сол іс қолынан келмейтінін түсіндім. Әлдекімдер мақсатқа жетсе, қалғандары сәтсіздікке неліктен тап болатынын ұқтым. Мәселе жоғары білімнің бары не жоғында емес. Кедей әлде ауқатты отбасыда дүниеге келетінің де рөл …

    Бай мен кедейдің ойлау стратегиясы. ДавлатовЧитайте далее

  • Бұл кітапта журналист Бейсен Құранбектің болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Бейсеннің өмірінен мысал келтіре отырып, экзистенция, логотерапия психологиясын жан-жақты түсіндіруге тырысады. Адам болмысы қалай ашылады, қалай көрінеді, өмірдегі мәнін қалай анықтайды деген әртүрлі ситуацияларды араластыра отырып, сұрақтарға жауап беріледі. Кітап экзистенция философиясына, логотерапия іліміне қызығатын оқырманға арналады.

  • Автор : Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Кітаптан өзіңді, езгелерді кешіруді, өмірдегі жағдайларды сол қалпында қабылдауды үйренесің. Сондай-ақ еңбек түрлі жаттығуларды қамтиды. Осы сәтті пайдалана отырып қолыммен, сөзіммен болсын зияным тиген жандардан кешірім сұраймын. Ал маған жамандық қылғандарға «Алла мені де, сені де кешірсін» деген тілегім бар.

  • Қадірменді оқырман! Бұл кітап менің жеке тәжірибем негізінде жазылған. Бұл жерде айтылғанның бәрін қарызға батып бастан өткердім. Барлық қиындықты жеңе отырып мен бірнеше мың адамға қарыздан қалай арылуға болатынын үйреттім. Сондықтан кітапта сипатталған барлық кеңес практикалық және нақты. Ешкім қарызға батуды, бишара болуды армандамайды. Бірақ жетістікке жету жолында бұл жағдайға әркім душар болуы мүмкін. Мұны …

    Қарыз қарша ериді. С.ДавлатовЧитайте далее

  • Кітапта өмірдегі мүмкіндіктер теориялық тәсілмен ғана емес, күнделікті өмірде орын алған оқиғалармен өрнектеліп, сөз бен амалды ұштастыратын жаңа форматтағы тұлғалық дамуға қатысты құралдар берілген. Көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын » Мүмкіндік » кітабының жас аудиторияда берері мол, дәстүрлі һәм рухани құндылықтарды жаңа қырынан танып, қайта түлетуге ықпалы зор. Еңбек әрбір жастың қойын дәптеріне айналып, әр отбасының …

    Мүмкіндік. Өмірдің жаңа белестерінеЧитайте далее

  • Ер азаматтың ішіне ат басындай шер қатады. «Елімді жамандықтан қайтсем құтқарам, жақсылыққа қалай жеткізем?» дейтін нағыз шерлі жігіттерге мұқтажбыз. Халықтың жүгін көтерген ерді ел мақтайды. Ел мақтаған жігітті қыз жақтайды. Нағыз азаматтың қасиеттерін бойға сіңіріп, сипаттарын үйреніп, кеудесі хикметке, тұла бойы күшке, басы суық ақылға, жүрегі нұрға толы тұлға болыңыз. Бұл кітапта жігіттің 40 қасиеті …

    Нағыз жігіт. Мирас КесебаевЧитайте далее

  • Бұл кітапта мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің қызметі мен болмысына экзистенциялық талдау жасалады. Өзбекәлі жайлы естеліктер мен оқиғаларды сараптай отырып, оның мәдениет саласындағы жанқиярлық күресі баяндалады. Кітапта мемлекет құрудағы және ұлттық идеология жасаудағы мәдениет пен мәдени қайраткердің рөліне басымдылық беріледі. Соны насихаттау әрі экзистенция мақамында талдау арқылы оқырманның кеудесіне ұлттық құндылық пен патриоттық сезімді ұялатады. Кітап …

    Өзбекәлі және мәдени майдан Отбасы хрестоматиясыЧитайте далее

  • Адамның өзіне деген сенімімен сол сенімді қалыптастырудағы ақылдың рөлі жайлы айтылып,одан кейінгі бөлімдерде шешен сөлеу, ел алдында өзін ұстай білу,халықпен етене арласу және өмірлік жар таңдау,шаңырақ құрған шақта тап болатын кедергілерді шешу жолдары секілді маңызды мәселелер қамтылған, Кітап өзін өзі қалыптастырғысы келетін жалпы оқырманға арналған.

  • Кітапқа Абайдың «Адам бол мал тап» қағидатына негізделген, адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами бомыс- бітімін, ар-абыройын сақтап қалудың жолдарын нұсқайтын «Еңбек — рух» атты монография мен қазақы дүниетанымның қайнарынан қанып ішкен ғұламалар (Яссауи, Бұқар жырау, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкерім) шығармаларындағы Жаратушы мен пенденің, пенде мен дүниенің, пенденің өз-өзімен қарым- қатынас табиғатын тануға ұмтылған ғылыми мақалалар …

    Харекет. Монография. Зерттеу мақалалар Омар ЖәлелұлыЧитайте далее

0