Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шешенстанның халық батыры, Шешенстан мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты және Ресей Жазушылар одағының Сергей Есенин алтын медалінің иегері көрнекті ақын, белгілі жазушы Рафаэль Ниязбектің «Көсем» деп аталатын бұл тарихи романында қылышынан қан тамған қызыл империяның тұсында билікке келіп, соқаға өгіз жеккен тар кезеңнен туған еліміздің әл-қуатын арттырып, космос дәуіріне көтеріп, ұлттық мемлекеттің негізін қалаған аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, академик, үш дүркін Еңбек ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қым-қуыт күреске толы өмір жолдары шырайлы шындық арнасында шынайы суреттелген. Жазушының бұл туындысы эстетикалық көркемдік ерекшелігімен де, ұлттық бояуының қанықтығымен де, жан-дүниеңе рух беретін өжет оттылығымен де, ойлы, терең сезіммен тебіреніп, шебер жазылуымен де оқушы жүрегіне сара жол табады деп сенеміз.