"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" дастаны - қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған түрі. Бұл жыр "Қыз Жібек" хикаясы сияқты тек қазақтың өз тумасы ғана емес, мұның әңгімесі қазақтан басқа елдерде де бар. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" әңгімесінің бір түрі орыс тілінде 1812 жылы Қазанда басылып шыққан. Барабин татарларының және қазақ арасында айтылатын нұсқасын Радлов жазып алып, бастырған. Ойрат тілінде "Қозын Еркеш" дейтін жыр бар. Солардың бәрі де "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын өзіне меншіктейді. Қазақ арасында бұл жырдың 16 түрлі нұсқасы бар