Предзаказ

Пайғамбарымыздың өмірлік стратегиясы

(0)
(0)
Описание

Көзі қарақты оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап мейірім-шапағаттың теңдессіз үлгісі болған ақырғы елші Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағылымға толы өмір жолынан сыр шерте отырып, Ислам тарихында орын алған ірілі-ұсақты оқиғалардың шынайы шындығын нақтылы деректермен бедерлеп, айшықтап берумен қатар, тарих көшіне ілесіп ғасырлар бойы өз биігіне шырқай түскен Ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары туралы ой-толғаныстарын да көркем тілмен баян етеді. Сондай-ақ ең қиын сәттердің өзінде адамдардың жүрегін баурап, жақсылыққа үндеуін тоқтатпай, адамзатқа ардақты болған Пайғамбардың мейірімділік пәлсапасы және әу баста адамзат қауымына шапағатшы болып келген ең мейірімді жанның тап-таза әлемі мен адамдарды қантөгіс пен соғысқа үндейтін қатыгездіктің бір жерден орын тебуі мүмкін еместігі кеңінен түсіндіріледі. Сонымен қатар, басынан қанша қиындықтар өткергеніне қарамастан, өзіндік бет-бейнесі мен мейрімділік қасиетін жоғалтпай, барша адамзатқа деген сеніміне селкеу түсірмеген Парасат Пайғамбарының (с.а.с.) адами болмысы және қоғамдағы өзгерістерді жүзеге асыруда қолданған әдістері мен оның қазіргі таңда тигізетін пайдасы жайлы баяндалады. Кітаптың соңында Меккенің азат етілуі мен жиырма бір жылдық рухани күрестің нәтижесі сөз болады және өзін қас дұшпан санап, сабылтқандардың алдына бірнеше қайтара барып, мейлінше кеңпейілдік танытып, мүшріктерді мейірім-шапағатқа бөлеген Мейірім Пайғамбарының келуімен Меккеде алғаш бүр жарған рухани көктемнің бет-бейнесі суреттеледі. Адамзаттың асыл тұлғасының ғажайып әлемі әспеттелген бұл еңбек оқырманның жүрегін тербеп, санасына сәуле түсірері күмәнсіз.

Еңбек барша оқырман қауымға арналады. 

Показать полностью Свернуть
Нет в наличии
(0)

Пайғамбарымыздың өмірлік стратегиясы

Нет в наличии
Купить в 1 клик

Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Написать отзыв Отмена
Оставить отзыв
Перед публикацией отзывы проходят модерацию
Отзывы
Отзывы
Отзывов еще никто не оставлял
Обратный звонок
Запрос успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Предзаказ
Предзаказ успешно отправлен!
Имя *
Телефон *
Добавить в корзину
Перейти в корзину
Предзаказ
Предзаказ успешно оформлен!
Имя *
Телефон *
Заказ в один клик
С помощью уведомлений о заказе можно не только получать актуальную информацию по заказу, но и иметь быстрый канал связи с магазином