Шыңғыс хан - әлемдік тұлға, ежелгі қазақ тарихының тұтас бір дәуірін қалыптаған, кейінгі Алтын Орда, оған жалғас Қазақ Ордасының түп негізін орнықтырып кеткен ұлы бабамыз. Атақты жазушы Мұхтар Мағауин өткен XII-XIII ғасырлар көлеміндегі Орталық Азия болмысын кеңінен қамтып, бүгінгі жұртшылық алдына таратуға ниет еткен "Шыңғыс хан" атты деректі тарихи роман төрт кітаптан тұрмақ. Оқырман қауымға ұсынылып отырған бірінші томы - "Туған жұрт" деген атауынан көрініп тұрғандай, Шыңғыс хан дүниеге келер қардағы Ұлы дала суретін жасайды, ондағы, басым көпшілігі кейінгі қазақ құрамына құйылған, түрік текті ру-тайпалар шежіресін түзіп, олардың дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, кісілік қасиеті мен рухани кейпін әйгілейді, осы дәуірдегі халықаралық, тарихи және әлеуметтік жағдайларды айқындайды. Бір сөзбен айтқанда, бірінші кітап - бүкіл Шыңғыс хан тарихының түсіндірме кілті есепті. Сонымен қатар, өз алдына дербес еңбек ретінде де қарастыруға болады.

Заполните нашу короткую форму, и получите консультацию от нашего специалиста.